Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор: дағдарыс кезінде жұмыс орындарын ашудың маңызы зор

10.08.2020 125

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысына жұмыс сапары Осакаров ауданымен жалғасты. Аталған ауданда «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында 40-тан астам жоба іске асырылып жатыр. Бұған 3 миллиард теңге шамасында қаражат бөлініп, 210-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған.

Сенатор жаңа оқу жылында қашықтан оқыту форматы жалғасатынын ескеріп, білім беру үдерісін қамтамасыз ететін интернет байланысының сапасына назар аударды. Сондай-ақ, аудандағы мектептердің жөндеу жұмыстарымен де танысты. Жергілікті атқарушы орган өкілдері дайындық жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатқанын және оқушылардың толыққанды білім алулары үшін барлық жағдайдың жасалатынын, соның ішінде мектептердің техникалық қажеттіліктермен қамтылатынын жеткізді.

Сонымен қатар Рысқали Әбдікеров аудандағы медициналық мекемелердің және дәріханалардың жұмысына, аса қажетті дәрі-дәрмектердің жеткілікті екеніне ерекше көңіл бөлді. Орталық аудандық ауруханаға арнайы барған депутатқа мамандар медициналық препараттардың жеткілікті екенін және қажетті қоры жиналғанын айтты. Бүгінде аудан бойынша коронавирус жұқтырған 142 науқас тіркелген. Дәрігерлердің жанкештілігінің арқасында олардың 109-ы емделіп шықты. Сенатор халықпен кері байланыс орнатудың маңызына тоқталып, бүгінгідей күрделі кезеңде оның өзектілігі арта түскенін тілге тиек етті.

Одан бөлек, Сенат депутаты «Қазақмыс» корпорациясының «Бөрлі» көмір разрезіне барып, шахтерлердің пандемия кезіндегі жағдайымен және жұмысымен танысты. Сондай-ақ, Жансары ауылында орналасқан бие сүтінен құрғақ ұнтақ өндіретін кәсіпорынға да арнайы ат басын бұрды. Бұл жерде 150 адам жұмыспен қамтылған. Зауыт басшылығымен кездесуінде депутат мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан қолдау шараларына тоқталды.

Рысқали Әбдікеровтің Қарағанды облысына жұмыс сапары әлі де жалғасады. Алда өңір басшылығымен кездесулер және тағы бірнеше ауданға сапарлар жоспарланған.

Бөлісу