Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Д. Назарбаева: ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және оны нығайту қажет

13.09.2019 275

Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева 18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVIII отырысы қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Оразбен кездесті.

Дариға Назарбаева Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығына дайындық туралы айтты. Сенат Төрағасы діни форумның маңызына тоқтала келіп, ұлтаралық және дінаралық үйлесімді сақтау және оны нығайту қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында имамдар тап болып отырған өзекті мәселелер – жалақының төмендігі, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау жайы да талқыланды. Бас мүфти биылғы жылы бір жарым мыңнан астам теолог даярланғанын, алайда олардың 800-і еңбекақының төмендігіне байланысты мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндігін айтты. Серікбай қажы Ораз осы мәселені шешуге жәрдемдесу туралы өтінішін жеткізді. Төраға бұл мәселе заң шығарушылар назарына ұсынылып, талқыға салынатын хабарлады.

Бас мүфти Нұр-Сұлтан қаласында «Хасеки» университетінің филиалы құрылып, онда теолог-магистранттар даярланатынын жеткізді. Дариға Назарбаева бұл шешімнің маңыздылығына назар аударды.

 Кездесу барысында Қазақстандағы діни мамандар тізілімі мен мұсылмандарды жерлеудің бірыңғай стандартын жасау, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ҚМДБ жұмысында сандық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Бөлісу