Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар Қазақстан-Ресей шекарасы маңындағы тұрғындарының мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы заң жобасын қарады

17.09.2019 66

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Хаттама 2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында жасалған болатын. Қолданыстағы Келісімге сәйкес шекараны кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының өзімен бірге жеке куәлігі немесе төлқұжаты, сондай-ақ азаматтарды тіркеу кітабынан көшірме болуы қажет. 2011 жылдан бастап Қазақстанда азаматтарды тіркеуді есепке алу кітабы алып тасталды. Осыған байланысты Хаттаманың 1-бабымен өзгерістер енгізіледі, оған сәйкес жеке куәлікке (төлқұжатқа) шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын, уәкілетті мемлекеттік орган берген құжат (мекенжай анықтамасы) қоса берілуі тиіс.

Хаттаманы қабылдау Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік шекараны кесіп өту процесін ретке келтіреді және екі елдің арасындағы шаруашылық, мәдени және басқа дәстүрлі байланыстарды сақтауға және одан әрі дамытуға жәрдемдесетін болады.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мемлекеттік шекарадан өту кезінде азаматтар тап болатын ыңғайсыздықтар мен автокөлік кептелісіне қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Дариға Нұрсұлтанқызының басшылығымен өткен комитеттің көшпелі отырыстары аясында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу бекеттеріндегі инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылғаны аталып өтілді.

Шекара қызметінің директоры Дархан Ділмановтың ақпаратына сәйкес Мемлекеттік шекараның Қазақстан мен Ресей учаскесінде шекара маңындағы қажетті инфрақұрылымды жасау  жөніндегі Жол картасы қабылданып, жақын күндері ресейлік тараппен екіжақты құжаттарға қол қойылғаннан кейін қалыптасып отырған жағдай жақсара түспек.

Сенатор Нұржан Нұрсипатов Хаттаманы қабылдау шекара маңындағы аумақтардың тұрғындарына Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасынан өтуді жеңілдетіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Құжат Палата қарауына енгізілді.

Бөлісу