Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ләззат Сүлеймен елордалық әйелдердің арызын тыңдады

19.09.2019 697

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен Министрліктер үйінің жанында наразылық шарасына жиналған әйелдермен кездесті. 

Олар сенаторға тұрғын үй мәселесін шешуге және көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек алуға байланысты өз проблемалары туралы айтып берді. Л.Сүлеймен азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау жөнінде мемлекеттік органдар жүргізіп жатқан жұмыстары жайында айтты.

«Әйелдер көтерген әр мәселе жеке қаралып, тиісті мемлекеттік органдардың құзырына жеткізіледі және олардың осы мәселелер бойынша нақты шешім қабылдауын назарда ұстайтын боламын»,-деді сенатор.

Бөлісу