Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеруді ұсынды

30.10.2020 95

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінде Владимир Волковтың төрағалық етуімен учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту мәселелері талқыланған отырыс болды.

Отырысқа комитет мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның, қаржы және кшкі істер министрліктерінің өкілдері, оның ішінде облыстық полиция департаменттерінің жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.

Владимир Волков өзінің кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауында және ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында ішкі істер органдарының азаматтармен өзара қарым-қатынасының сервистік сипатын енгізудің маңыздылығы және нақты аумақта қылмыстың алдын алудағы учаскелік инспекторлардың рөлі туралы айтқан бастамаларына ерекше назар аударды.

«Ішкі істер органдарының негізгі міндеті құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады, онда учаскелік полиция инспекторы негізгі тұлға болып табылады. Бүгінде учаскелік инспекторлар құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерімен толық айналыспайды, ал заңнамалық тұрғыдан учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі анықталмаған», - деді Владимир Волков.

Андрей Лукин өз кезегінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерін адамдармен ашық диалог жүргізуге үйрету маңызды екенін атап өтті. Кадрларды даярлау және іріктеу жүйесінде бұл басым бағыт болуға тиіс. Оның айтуынша, бүгінгі таңда учаскелік полиция инспекторларының тікелей функцияларын орындауға кедергі келтіретін маңызды мәселелер бар. «Ұйымдастырудағы проблемалардың көп болуы учаскелік полиция инспекторларының функционалдық міндеттерін сапалы орындауына мүмкіндік бермейді», - деді сенатор.

Сенаторлар айтылған барлық пікірлер учаскелік инспектордың мәртебесін көтеру туралы заң жобасын әзірлеу кезінде ескерілетіні және оған тиімді жұмыс істеу үшін қажетті өкілеттіктер берілетінін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша комитет төрағасы Владимир Волков Мемлекет басшысының ІІМ-нің кеңейтілген алқасында сөйлеген сөзі ескеріліп комитеттің қорытындысы дайындалатыны және ол Үкімет пен мемлекеттік органдарға жіберілетінін атап өтті.

Бөлісу