Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Грузиядағы парламенттік сайлауды байқауға қатысады

30.10.2020 48

31 қазанда Грузияда парламенттік сайлау болады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының байқаушылар құрамында сайлау барысын бақылайтын болады.

Бүгін ЕҚЫҰ ПА атынан халықаралық байқаушылар тобы парламенттік сайлауға үміткерлер ұсынған саяси партиялардың өкілдерімен кездесті.

Ал дауыс беретін күні халықаралық байқаушылар сайлау барысына мониторинг жүргізеді. Қазақстандық парламентші Ғ.Дүйсембаев сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының брифингінде медиа-панельдік пікірталасқа қатысушы болып белгіленді.

Бөлісу