Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар интернет арқылы есірткі заттарын тарату жауапкершілігін заң жүзінде бекітуді ұсынды

20.09.2019 149

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы Ішкі істер министрлігінде өтті. Отырысқа Бас прокуратура, Денсаулық сақтау, білім  министрліктерінің өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Комитет төрағасы Владимир Волков Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық бұзушылыққа төзбеуді қалыптастыру міндетін Ішкі Істер министрлігінің алдына қойғандығын атап өтті. Одан басқа, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында елімізде құқық тәртібін одан әрі нығайту қажеттігін, сондай-ақ ішкі істер органдарын реформалау өзектілігіне және тұрғындармен кері байланыс жасаудың тиімділігіне назар аударды.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев баяндамасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрмыстық зорлыққа қатысты заңнаманы іске асырудың өзекті мәселелеріне және аймақтарда қылмысты азайту бойынша тәртіп сақшылары тарапынан қолданылып отырған шараларға тоқталды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты тәртіп сақшылары қызметіндегі әдістерді кезең-кезеңімен өзгерту жоспарланып отыр. М.Қожаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қызметін бағалап, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын тиісті қызмет саласында жасалған құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайын жою бөлігінде қызметті бағалау индикаторларымен толықтыруды ұсынды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди «Ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасының» іске асырылу барысы туралы баяндады. Іріктеу жүйесін жетілдіруге және кадрларды дайындауға, тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа нысандарына, өз меншігіндегі сыбайлас жемқорлықпен күреске және қылмыстық-атқарушылық жүйені жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

ҚР ІСМ-де ұйымдық-штаттық құрылым оңтайландырылды (106 артық басқару топтары қысқартылды); тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа нысандары енгізілді (ХҚКО қағидаттары бойынша 239 фронт-кеңсе құрылды); тәртіп сақшыларының жұмысын бағалаудың жаңа шарттары әзірленді; ведомстволық білім беру жүйесі оңтайландырылды (12 оқу орнынан үздік 5-уі қалды).

Отырыста, сондай-ақ есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Қылмыстық кодекстің «Есірткіні тұтынуға көндіру» 299-бабын «электрондық ақпараттық ресурстар арқылы» жіктеуішімен толықтыру ұсынылды.

Сенат депутаттары К.Сафин, С.Айтпаева, Б.Бекназаров, С.Еңсегенов, А.Лукин, Л.Сүлеймен кездесуде құқық бұзушылықтардың алдын алудың нақты бағыттары және ішкі істер органдарын реформалау мәселелері талқыланды.

Сенат депутаттары ІСМ-де ішкі істер органдары, құтқару қызметі және Ұлттық гвардия өз қызметінде пайдаланатын заманауи техникамен танысты.

         Комитет жиналыс қорытындысы бойынша шешім әзірлейді. 

Бөлісу