25-27 қарашада сенатор Қанатбек Сафинов Еуразиялық экономикалық одақ Сотының «ЕАЭО-дағы интеграцияның жаңа шақырулары: құқықтық өлшем» атты халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияға қатысушылар қазіргі кезеңдегі халықаралық сот төрелігінің интеграциясы, тенденциялар мен міндеттерді, сондай-ақ халықаралық ұлттық сот органдарының өзара іс-қимылын талқылады.
Қатысушылар қызметтердің бірыңғай нарығын дамыту стратегиясын, жалпы қаржы нарығын қалыптастыру, жұмысшыларды зейнетақымен қамсыздандыру және еңбек қатынастарын реттеу туралы келісімді жүзеге асыру мәселелерін талқылады.