Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат Төрағасы ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05.10.2019 126

Құрметті достар!

Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағды мен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр.

Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін!

Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева

Бөлісу