Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат комитетінде агроөнеркәсіп кешені мәселелері туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер қарастырылды

07.10.2019 22

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде агроөнеркәсіптік кешен мәселелеріне қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды.

Заң жобасының мақсаты агроөнеркәсіп кешені саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру және Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

 Заң жобасының негізгі түзетулері жер ресурстары саласындағы мынадай ережелерді көздейді: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын шектеу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына бақылау жасау тетігін жетілдіру; Мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар Қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салу.

Су ресурстары саласында көп факторлы зерттеулер жүргізу бөлігінде уәкілетті органның, ведомствоның және бассейндік инспекцияның құзыретін, гидротехникалық құрылысжайлардың техникалық жай-күйін бағалау мақсатында су шаруашылығы, гидромелиорациялық жүйелер мен құрылысжайларды пайдалану қағидасын нақтылау, ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру талаптарын нақтылау, өзендер мен каналдардағы гидротехникалық құрылысжайлардың пайдаланылуы жөніндегі нормалар, сондай-ақ су объектілері, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылысжайларды орналастыру, жобалау, құрылысын жүргізу мен пайдалануға қосу талаптары және басқалар енгізілген. Орман шаруашылығы саласында мыналарды: орман ресурстарын қорғау, пайдалану саласындағы тексерулерді жүзеге асыру тәртібін; мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын; орман қоры жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру жағдайларын нақтылауды; орман қоры жерлерін уран өндіру үшін пайдаланудың ерекшеліктерін; мемлекеттік орман қоры аумағында құрылыс процесіне қойылатын талаптарды белгілеуді және т.б. регламенттеу                 жөніндегі нормалар енгізілді.

Жануарлар мен өсімдіктер әлемі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың ережелері қатаңдатылды.

Сақтандыру саласында агроөнеркәсіп кешені саласындағы сақтандыру жүйесін жаңғырту және сақтандыру процесін автоматтандыру жөніндегі ережелер енгізілді.

Ветеринария және фитосанитария саласында осы саланың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында: ветеринария, карантиндік     фитосанитариялық бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі; ветеринария саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын әкімдіктерден уәкілетті органның ведомствосына қайтару және жергілікті атқарушы органдардың сатылас ветеринариялық қызметін құру жөніндегі; ветеринария саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру, қайта қалпына келтіру, лицензиясынан айыру, сондай-ақ ветеринариялық анықтамаларды беру бойынша қызметтің басталғаны туралы хабарламаның қолданысын тоқтата тұру және т.б. жөніндегі түзетулер көзделеді.

Құжат Палата қарауына берілді.

Бөлісу