Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарды іске асыру туралы Үкіметтің есебін тыңдады

16.06.2021 953

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Оның тақырыбы өткен жылдың 23 қазанында өткен "Ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың жай-күйі және оларды теңгерімді дамытудың перспективалары туралы" тақырыбындағы парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдарды іске асыру мәселесі болды.

Сол кезде Үкіметке ауылдық аумақтарды дамытуды көздейтін 28 ұсыныстың тізімі жіберілген болатын. Олардың 25-іне Министрлер Кабинеті қолдау білдірді, сенатор Ақылбек Күрішбаев атап өткендей, олардың 8-і жүзеге асып отыр.

«Ауыл-Ел бесігі» жобасына дербес ұлттық жоба мәртебесін беру сенаторлардың маңызды ұсыныстарының бірі болды. Ұлттық экономика министрлігі осы ұсыныс бойынша әзірленген ұлттық жоба аясында 6,8 млн адам тұратын, барлық ауыл халқының 87%-ын құрайтын 3 561 ауылдық елді мекеннің инфрақұрылымын 5 жыл ішінде жаңғыртуды көздеп отыр.

Сонымен қатар, Үкімет Сенаттың ауыл тұрғындарының табысын арттыру тетіктерін әзірлеу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді. «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ауылдық жерлерде несие беру тетігін іске қосу жоспарлануда.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Фото: Н.Байбулин)

Бөлісу