Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Парламент Сенатының депутаттары АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы аппараты қызметкерлерінің делегациясымен кездесті

08.10.2019 30

Сенатта депутаттар Нұржан Нұрсипатов пен Сәрсенбай Еңсегенов АҚШ Конгресі Өкілдер палатасы аппаратының қызметкерлері делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Америка қарым-қатынастарының ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Н.Нұрсипатовтың айтуынша, АҚШ-пен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті нығайту Қазақстанның негізгі сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылады.

Депутаттар делегацияны Қазақстанда жүзеге асып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етіп, Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың әлеуметтік-экономикалық және тұрғын үй жөніндегі маңызды мәселелерді шешу, сот-құқықтық жүйені реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, аймақтар мен азаматтық қоғамды дамыту, жастарды ілгерілету үшін жағдай жасау, азаматтардың қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталған он негізгі басымдықтарының жүзеге асуы барысына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сенатор Н.Нұрсипатов парламентаралық қатынастардың қарқынды дамуына ризашылық білдірді және Сенаттың заң шығару қызметі туралы хабардар етті.

Бөлісу