Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатта Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

09.10.2019 69

Сенатта Динар Нөкетаеваның төрағалық етуімен Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Жұмыс тобының мүшесі, Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым министрліктерінің басшылығы, білім беру және медицина мекемелерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста оңалту, медицина кадрларын даярлау, зағип және нашар көретін азаматтарға арналған оқу-ақпараттық материалдарды әзірлеу және шығару мәселелері қозғалды.

Сенатор Д.Нөкетаева әлеуметтік қызметкер мамандығы бойынша мемлекеттік гранттарды бөлу қажеттігіне назар аударды. Депутаттың айтуынша, республика бойынша осы саладағы мамандардың жетіспеушілігіне қарамастан гранттар бөлінбейді.

Отырыс аясында айтылған ұсынымдар бойынша мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсарту бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.

Бөлісу