Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді бірінші оқылымда қарады

10.10.2019 41

Сенат отырысында заңнамағатұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды.

Сенатта заң жобасын еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев таныстырды.

Заң жобасында «бір үй – бір мүлік иелерінің бірлестігі» қағидаты бойынша коммерциялық емес «мүлік иелерінің бірлестігі» ұйымын құру арқылы кондоминиум нысанын басқарудың жаңа үлгісі ұсынылады.

Кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландыру тетігі енгізіледі.

Сондай-ақ басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыруға және үй-жайлардың меншік иелерінің тарапынан кондоминиум нысанын басқару органына бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған ережер ұсынылады.

Толық емес (ішінара) блоктарға қатысты пайдалы қатты қазбаларды барлауды лицензиялау, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге рұқсат беру бөлігіндегі ережелер реттеледі, сондай-ақ өндіру жөніндегі операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар мөлшері азайтылады.

Сенаторлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кондоминиумның ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуді қаржыландыру, жер ресурстарын тиімсіз пайдалану және тағы басқа салалардағы өзекті мәселелерді көтерді.

Еділ Мамытбеков тұрғын үй саласының даму деңгейі халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтінін, ол халықтың өмір сүру сапасының төмендеуіне әсер ететінін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру үшін үкімет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларды кеңірек қарап, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың қызметін одан әрі жетілдіру мәселелерін шешуге назар аударуы тиіс», - деді Е.Мамытбеков. Ол тұрғын үй жетіспеушілігін азайту, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, отбасылардың демографиялық жағдайы мен тұрғын үй қоры құрылымының сәйкессіздігін кезең-кезеңімен жою және қазіргі тұрғын үй қорының тұрғын үйді тұтыну сапасына қойылатын талаптарға сәйкессіздігі мәселелерін шешу қажет деп есептейді.

Сенаторлар заң жобасын әзірлеушілерге айтылған ескертулерді ескеруді және екінші оқылымда қарау кезінде түзетулер енгізу қажеттігін атап өтті.

Бөлісу