Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта ЕАЭО шеңберінде электроэнергетика саласындағы ынтымақтастық талқылануда

01.09.2021 152

Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Мұнда «Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімшартқа өзгертулер енгізу туралы Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасынадағы өзгерістер талқыланды.

Заң жобасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы электр энергетикасы саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған. Оның шеңберінде электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыру әдіснамасына түзетулер енгізу көзделеді. Бұдан басқа, өзгерістер электр энергиясының алдағы күнтізбелік жылға арналған көлеміне және оның мазмұнына өтінім беру мерзімдеріне де қатысты болады.

Сондай-ақ, ұлттық электр желілері бойынша электр энергиясын беру қызметтеріне арналған тарифті есептеу үшін формуланы белгілеу бойынша толықтыру енгізіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Фото: Н.Байбулин)

Бөлісу