Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар Қазақстандағы туризмді дамытудың келешегін талқылады

01.10.2021 173

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Маңғыстау облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту – уақыт талабы» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауға дайындық аясында кездесу болды.

Комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы көшпелі отырыстың негізгі мақсаты – туризмді дамыту және Маңғыстау облысындағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудың келешегін талқылау екенін атап өтті.

«Бүгінде елімізде туризмді дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. Оның негізгі мақсаты – мемлекет экономикасындағы туристік саланың мультипликативті әсерін арттыру үшін нормативтік базаны қалыптастыру. Біз бұл тетіктерді еліміздің туристік өңірлерінде жүзеге асыру маңызды деп санаймыз», - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары ішкі туризмді дамыту туралы баяндама жасады. Ал тарихи-мәдени мұраны сақтаудың проблемалары мен шешу жолдары туралы Мәдениет және спорт министрлігі Индустрия және туризм комитетінің өкілі баяндады.

Сенаторлар кездесуге қатысқан облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ туристік ұйымдардың өкілдерімен туризмді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.

Сенат депутаттары сонымен қатар Әбіш Кекілбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға қатысты және Ақтау қаласының кейбір туристік кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу