Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар заң білімінің сапасы туралы Үкімет сағатын өткізуге дайындық жасады

13.10.2021 241

Сенат депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Нұрлан Бекназаров Еуразия гуманитарлық институтында болып, болашақ заң мамандарын даярлау, сондай-ақ олардың бакалавриат пен магистратурада оқу жағдайымен танысты. Институтта «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар құрамы 461 студент болып отыр.

Сенатор оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесіп, олармен заң кадрларының білім беру сапасының өзекті мәселелерін, соның ішінде студенттерді практикаға бағытталған даярлау мәселелерін талқылады. Заңтану саласында оқытуды жақсарту бойынша айтылған ұсыныстар Комитеттің ағымдағы жылғы қарашадағы отырысы барысында пайдаланылатын болады.

Депутаттар қазіргі кезде алдағы жылдың I тоқсанына жоспарланған Үкімет сағатына дайындық аясында заң білімінің сапасы мәселелерін зерделеуде.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу