Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Ольга Перепечина мен Ләззат Сүлеймен Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

15.10.2021 272

2021 жылғы 13-15 қазанда Санкт-Петербург қаласында Үшінші Еуразиялық әйелдер форумы болды. Оған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ольга Перепечина мен Ләззат Сүлеймен және Сенат Төрағасының кеңесшісі Жанар Төлендинова қатысты.

Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу кезінде әйелдердің рөлін күшейту, әйелдердің күн тәртібі мен жаңа ахуал жағдайында жаһандық міндеттерді шешудің жаңа тәсілдерін қалыптастыру үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту - Форумның басты мақсаты болды.

Форумға қатысушылар жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әйелдердің рөлі, экономикалық өсудің жаңа үлгілеріне көшу, денсаулық сақтауды дамыту, экология саласындағы проблемалар және басқа әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды талқылады.

Пленарлық отырыс барысында сөз алған Ләззат Сүлеймен әйелдердің Еуразиялық форумы гендерлік теңдік жолындағы жаһандық күш-жігердің маңызды алаңы екенін атап өтті. Сенатор сонымен қатар отбасылық-демографиялық саясаттың қазақстандық үлгісі туралы айтып берді.

«Қазақстан гендерлік теңдік саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қосылып, оларды ратификациялады. Елімізде тиісті нормативтік-құқықтық және саяси база жасалды, гендерлік теңдікке қол жеткізуге арналған құқықтар және заңмен қолдауға кепілдік беретін іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламалар әзірленді. Мысалы, 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы жүзеге асты, қазір 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жұмыс істеп келеді», - деді Ләззат Сүлеймен.

Форум жұмысына парламентші әйелдер, атқарушы билік органдарының, халықаралық ұйымдардың, жаһандық корпорациялардың, іскер топтардың, ғылыми қоғамдастықтың, қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық жобаларының өкілдері, сондай-ақ халықаралық әйелдер қозғалысының беделді қайраткерлері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу