Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатор Нұржан Нұрсипатов НАТО ПА-ның жыл сайынғы 65-ші сессиясының жұмысына қатысты

15.10.2019 93

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржан Нұрсипатов НАТО Парламенттік Ассамблеясының Лондонда өткен жыл сайынғы 65-ші сессиясының жұмысына қатысты.

НАТО парламентшілері Альянстың Ресеймен қарым-қатынасын, Солтүстік Атлантика Альянсының ядролық тепе-теңдік ұстанымын, Солтүстік Атлантика мен Африкадағы қауіпсіздік мәселелерін, жасанды сананы пайдалану, шекаралардың қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік пен сандық нарықтарды, сондай-ақ Украинадағы жағдайды талқылады.

Н.Нұрсипатов Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі бүкілпартиялық топтың төрағасы, Ұлыбритания Қауымдар палатасының депутаты Б.Стюартпен кездесті. Кездесу барысында тараптар парламентаралық үнқатысумен қатар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сессия аясында Франция Ұлттық Жиналысының депутаты Ф.-М.Кляйсбауэрмен, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чо Куонг Таемен кездесу болды.

 

 

Бөлісу