Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды

21.10.2021 551

Бүгін Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы болды.

Қаржы министрі орынбасарының айтуынша, республикалық бюджет шығыстарының жалпы көлемі 2022 жылы 15,9 трлн. теңге, 2023 жылы-15,6 трлн. теңге, 2024 жылы шамамен 16 трлн. теңге көлемінде жоспарланып отыр. Сенаттың тұрақты комитеттері мен жұмыс топтарының отырыстарында заң жобасын талқылау одан әрі жалғасады, деді Ольга Перепечина.

Шарада сондай-ақ еліміздің 2022-2026 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына болжам айтылып, Ұлттық қордан алдағы үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қаралды.

2022 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,9% деңгейінде болатыны, ал 2026 жылы ол 5,2%-ға жететіні туралы болжам айтылды. Трансферттерді есепке алмағанда, республикалық бюджеттің кірістері болжам бойынша 2022 жылы 9,2 трлн теңгені, 2023 жылы - 9,7 трлн теңгені, 2024 жылы - 10,4 трлн теңгені құрайтын болады.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары атап өткендей, кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы - 2,4 трлн теңге, 2023 жылы - 2,2 трлн теңге және 2024 жылы-2,0 трлн теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылады.

Сенаторлар сонымен қатар Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты туралы баяндаманы тыңдады.

Заң жобаларын талқылау барысында мемлекеттік органдардың өкілдері ұлттық жобаларды қаржыландыруға, инфляцияға қарсы шаралар қабылдауға, субсидиялаудың бюджеттік бағдарламаларын бағалау әдістемесін әзірлеуге және т.б. қатысты сенаторлардың сұрақтарына жауап берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу