Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатор Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған конференцияға қатысты

25.10.2021 226

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі ұйымдастырған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл – кеше, бүгін және болашақ» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияға қатысушылар алдында онлайн-режимде сөз сөйлеген Ольга Перепечина осы аралықта еліміз қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін халықаралық аренада беделді мемлекетке айналғанын айтты.

«Қазақстан үшін егемендіктің үш он жылдығы экономикалық өрлеу және тұрақты даму дәуірі болды. Біздің еліміз бұрынғы кеңестік кеңістікте ауқымды нарықтық реформаларды жүзеге асыруда көшбасшы болып саналады. Қазіргі таңда Қазақстан дамудың жаңа тарихи кезеңіне қадам басты. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен маңызды саяси және демократиялық реформалар қолға алынды», – деді Ольга Перепечина.

Сонымен қатар Комитет Төрағасы Палатаның жұмысы жөнінде айтып, депутаттардың елімізде жүргізіліп жатқан саяси жаңғыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудегі белсенді әрекетін тілге тиек етті. Бүгінде сенаторлардың алдында президенттік реформалардың төртінші топтамасына заңнамалық қолдау көрсету міндеті тұрғаны да назардан тыс қалмады.

Сондай-ақ Ольга Перепечина Қазақстан алдағы уақытта да шет мемлекеттердің, оның ішінде Румынияның озық тәжірибелерін тұрақты түрде зерделеп, қолдануға ниетті екенін жеткізді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу