Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Қазақстан мен Иордания онкология мәселелерін зерттеу саласында ынтымақтастықты ұлғайтуға ниетті

16.10.2019 539

Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының директоры Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қатерлі ісікпен күрес көшбасшыларының дүниежүзілік саммиті аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Жоғарғы палата басшысы Иордания Хашимит Корольдігінің патшайымы, Қатерлі ісікті халықаралық бақылау одағының президенті Дина Миредпен кездесті. Тараптар Тұңғыш Президент Қорының және Король Хусейннің Обырмен күрес қорымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Тұңғыш Президент Қоры денсаулық сақтау және жастардың ғылыми зерттеулерімен бірге түрлі бағыттардағы жобаларды қаржыландырады. Қордың директоры ретінде біздің ұйымдардың ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынамын. Біз онкология мәселелерін зерттеу саласындағы жұмысымызды күшейтуге ықыластымыз», - деді Дариға Назарбаева.

Бөлісу