Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Парламент Сенатының делегациясы Парламентаралық одақтың 141-ші ассамблеясына қатысты

17.10.2019 92

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров пен Сенат депутаты Ерік Сұлтанов 13-17 қазан күндері Белградта өткен Парламентаралық одақтың 141-ші ассамблеясының жұмысына қатысты.

Биыл 130 жылдығын атап отырған Парламентаралық одақ ассамблеясы парламенттік дипломатияны және парламентаралық үнқатысуды ілгерілетуге бағытталған белделді әрі бұрынғы халықаралық ұйымдардың бірі болып табылады. Ұйым құрамына 179 ел мен 14 аймақтық парламентаралық ұйымдар кіреді.

А.Шәкіров форум аясында Парламентаралық одақ басшыларымен, сондай-ақ ұйым қызметі және екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мәселелері бойынша бірқатар елдердің парламентшілерімен кездесулер өткізді.

Ассамблея аясында Сенат Төрағасының орынбасары «Еуразия» геосаяси тобының отырысына қатысты. Парламентаралық одақ ассамблеясының мүшелеріне ұйымның күн тәртібіндегі маңызды мәселелер туралы ұстанымдарды талқылау мен келісуде геосаяси топтар маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта 9 ел, атап айтқанда: Қазақстан, Армения, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан «Еуразия» тобы мүшесі болып отыр.

Бөлісу