Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенат халықаралық құжаттар ратификацияланды

17.10.2019 57

Сенат отырысында Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы негіздемелік келісім ратификацияланды. Солтүстік инвестициялық банк Скандинавия және Балтық елдерінің ірі несие-қаржы институты болып табылады.

Келісімде валютаның айырбасталуы және ақша қаражатын аудару, Солтүстік инвестициялық банктің шарттары бойынша тендерлер өткізу, сондай-ақ оны салық салудан босату жөніндегі ережелер белгіленді.

Келісім іске асқанда Қазақстанға сумен жабдықтауға, көлікке, энергетикаға, өнеркәсіп секторына және басқа да салаларға инвестиция тартуға мүмкіндік беріледі.

Отырыста сондай-ақ Қазақстан мен Армения арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім ратификацияланды.

Екі елдің азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік қауіп-қатерлердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою, азаматтық қорғаныс мамандарын төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан авариялар, зілзалалар мен апаттар жағдайларында ерікті түрде әрі өзара көмек көрсету бойынша оқыту саласындағы өзара іс-қимылы келісімнің негізі болып табылады.

Келісімде ынтымақтастық нысандары, көмек көрсету шарттары мен түрлері, көмек көрсету жөніндегі жұмысқа басшылық ету тәртібі және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты басқа да мәселелер, шығындарды өтеу, залал келтіру және көрсетілетін көмекті қаржыландыру реттелді.

Бөлісу