Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді талқылады

26.01.2022 137

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатқа сәйкес екі мемлекеттің Үкіметтері автоматты түрде ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсететін болады. Онда сондай-ақ ақпаратты автоматты түрде алмасу бойынша міндеттемелерді орындау рәсімін белгілеуді, ынтымақтастық жөніндегі қағидалар мен рәсімдерді айқындау да көзделіп отыр.

Ұсынылып отырған ережелер Қазақстан үшін салықтарды жинау және әкімшілендіру бойынша қосымша құралға айналады, қазақстандық азаматтардың салық салудан жалтаруына жол бермеуіне және тиісінше мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады.

Заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу