Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар конституциялық реформа мәселелерін профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен бірге талқылады

06.05.2022 310

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің көшпелі отырысы аясында сенаторлар еліміздегі заң білімінің сапасын арттыру жөніндегі үкіметтік мекемеаралық жұмыс тобының қорытындысы бойынша жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Комитет төрағасы Владимир Волков шарада Конституцияға енгізілетін өзгерістерде демократиялық жаңаруды көздейтін маңызды саяси реформалар қамтылғанын айтты. Шын мәнінде, жаңа өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа үлгісі – жаңа Қазақстанды дамытуға серпін береді.

Комитет депутаттары оқытушылар мен студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Соңында сенатор Владимир Волков елдің болашақ заңгерлеріне арнап сөз сөйледі.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу