Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Ольга Булавкина Өскемен қаласының тұрғындарымен кездесті

12.05.2022 74

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина өңірге жұмыс сапары аясында Аманжолов атындағы университеттің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өткізу талқылаудың негізгі тақырыбы болды.

Сенатор жиналғандарды өкілді органдарды құру тәртібін демократияландыруға, олардың өкілеттіктерін күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтуға байланысты жоспарланып отырған негізгі өзгерістер туралы хабардар етті.

«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік-жігерін білдірудің жарқын көрінісі болады. Ол әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және біздің жан-жақты демократияландыру мен жаңа Қазақстанды құру бағытымызды нығайтады», - деп атап өтті депутат.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу