Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Нұрлан Бекназаров: Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысады

16.05.2022 235

Сенатор Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына барып, Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Депутат кездесу барысында техникалық сала мамандарын даярлау үдерісімен танысып, білім беру саласын жетілдіру саласында атқарылған жұмыстарға жоғары баға берді.

Бекназаров профессор-оқытушылар құрамымен алдағы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі республикалық референдумды талқылады. Бекназаров бұл өзгерістер еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Оқу орнының ұжымы өз кезегінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді бірауыздан қолдайтынын білдіріп, референдумға белсенді қатысатынын мәлімдеді.

«Еліміздің табысты болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуға әрбір қазақстандықтың мүмкіндігі бар. Ұсынылған реформалардың маңыздылығын ескере отырып, ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір азамат референдумға қатысып, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға өз үлесін қосады деп санаймын», - деді Сенатор Нұрлан Бекназаров.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу