Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сағындық Лұқпанов Атырау қаласының студенттерімен алдағы референдумды талқылады

18.05.2022 48

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау қаласына жұмыс сапары аясында жоғары және орта оқу орындарының студенттерімен және оқытушы-профессорлар құрамымен бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, депутат С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде, Атырау жоғары медициналық колледжінде, Атырау көлік және коммуникация колледжінде болып, олардың қызметімен танысып, оқу кабинеттерін аралап көрді және білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Сенатор кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының заң шығару қызметімен таныстырды, сондай-ақ студенттермен елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформаларды талқылады.

«Шын мәнінде, конституциялық реформа – Тәуелсіздік тарихындағы жаңа белес. Мұның барлығы заман талабы мен қоғам талабынан туындап отыр. Біз Жаңа Қазақстанды құру үшін түбегейлі өзгерістер енгізуіміз керек», - деді депутат.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар білім саласындағы өзекті мәселелер мен түйткілдерге тоқталып, атап айтқанда, жаңа технологияларды игеру және жастарды жұмыспен қамту бойынша ұсыныстар айтылды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу