Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Кеден ісіндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы заң жобасы қаралды

30.10.2019 44

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «1994 жылғы 15 сәуірдегі Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Келісімге қол қойылған сәттен бері 20 жылдан астам уақыт өтті, соған байланысты осы Келісімнің ережелерін жаңа мәтінде жаза отырып, Хаттамамен тиісті өзгерістер енгізу арқылы жетілдіру қажет болды.

2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған Хаттама ТМД-ның кеден саласындағы нормативтік-құқықтық базасына жүргізілген түгендеу жұмыстарының қорытындылары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен бірлесіп әзірленді.

Хаттамамен мәліметтерді беруге, сұрау салулардың нысандары мен мазмұнына, сұрау салудың орындалуына, алынған ақпараттың пайдаланылуына қатысты бірқатар негізгі баптарға өзгерістер енгізу ұсынылады.

Мемлекеттердің орталық кеден органдарының арасында әрі мемлекеттердің аумақтық кеден органдары арасында тікелей жүзеге асатын тараптардың сұрау салулармен алмасуы құжаттағы жаңалықтардың бірі болып отыр. Бұл кеден заңнамасы талаптарының бұзылуын көрсететін деректерді немесе мән-жайларды анықтау үшін тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу