Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтардың референдумға қатысуының маңыздылығына тоқталды

24.05.2022 47

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Конституциялық реформа және Жаңа Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Жиынның өзекті мәселесі ел Конституциясына енгізуге ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін талқылау болды.

«Президент өзінің соңғы Жолдауында саяси реформалардың маңыздылығын атап өтті. Енді Қазақстан Конституциясы баптарының үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл өзгерістерді қоғам жақсы қабылдады. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, алдағы жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырамын», - деді сенатор..

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу