Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар Маңғыстау облысының тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

24.05.2022 42

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасын талқылау үшін Парламент Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында депутаттар Ақшұқыр ауылы мен Сайын Шапағатов атындағы ауылдық округте болды. Депутаттар Түпқараған ауданындағы мұнай-газ компанияларының бірінің ұжымымен және «Жоламан» медициналық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Сенаторлар жерлестерімен алдағы республикалық референдумның өзектілігін, конституциялық реформаның бағытын, сондай-ақ референдумның Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызын талқылады.

Сенат депутаттары Конституцияға енгізуге ұсынылып отырған бірқатар түзетулерге, оның ішінде жер мен оның қойнауы халық меншігі екендігіне ерекше назар аударды, сондай-ақ өлім жазасына конституциялық тыйым салуды қолдауға шақырды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу