Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Серікбай Трұмов: Конституция – тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды құжаты

24.05.2022 39

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Трұмов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, ел Конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша негізгі жаңалықтарды талқылау мақсатында жиһаз шығаратын кәсіпорынның қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында сенатор алдағы уақытта еліміздегі реформалардың құқықтық негізі болатын негізгі өзгерістерге тоқталды.

«Конституция – тәуелсіз Қазақстанның ең маңызды құжаты. Ал ондағы жазылған әрбір сөз маңызды рөл атқаратынын азаматтар түсінуі керек. Елде болып жатқан өзгерістерді дұрыс сараптап, жақсылап ойлап, бейжай қарамау керек», - деді сенатор.

Жиын соңында сенатор Қазақстанның әрбір азаматы референдумға қатысудың маңыздылығын сезінуі тиіс екенін айтып, барша тұрғындарды 5 маусымда өтетін саяси науқанға белсене қатысуға шақырды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу