ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Сұлтанбек Мәкежанов және Динар Нөкетаева қоғам қайраткерлерімен, тарихшылармен, жазушылармен және саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстарымен бірге Алматы қаласындағы «Қарағайлы» саябағындағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Рәсімге қатысушылар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстан аумағында қуғын-сүргін жылдары саяси себеппен 103 мыңнан астам адам сотталғанын, олардың 25-і ең жоғары жазаға кесілгенін атап өтті.
«Тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, зардап шеккен мыңдаған қазақстандықтардың ізгі есімінқалпына келтірумақсатында Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында ауқымды жұмыстар дәйекті түрде тынымсыз жүргізіліп келеді», - деді ол.
Сенатор Бақытжан Жұмағұлов өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары туралы естеліктерді сақтау және жас ұрпаққа жеткізу аса маңызды деп санайтынын атап өтті.
«Мұндай қылмыстар ешқашан қайталанбауы үшін қоғам кез-келген тоталитарлық идеологиядан әлеуметтік сенімді иммунитетке ие болуы керек», - деді сенатор.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)