Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Бақытжан Жұмағұлов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлектер күні мерекесіне қатысты

01.06.2022 75

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектер күніне арналған шараға қатысты.

Сенатор сондай-ақ университет түлектері қауымдастығының отырысына қатысып, онда алдағы референдумға қатысты мәселелерді талқылады. Кездесу барысында жоғары оқу орны жұмысының қорытындысы шығарылып, университет мерейтойының 90 жылдығына дайындыққа қатысты міндеттер айқындалды. Сенатор Бақытжан Жұмағұлов отырыс қорытындысы бойынша «Аса көрнекті түлек» медалімен марапатталды.

Депутат ҚазҰУ-дың басқа түлектерімен бірге Шығыстың ұлы ойшылы Әбу-Насыр Әл-Фарабидің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу