Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта стресті активтер нарығын дамыту туралы заң жобасы қаралады

20.06.2022 242

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Стресті активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының мақсаты – банктердің стресстік активтерінің деңгейін төмендетуге және оларды нарықтық негізде экономикалық айналымға тартуға көмектесетін заңнамалық базаны құру. Бұл тәсіл проблемалық активтердің дамыған нарығын құруға ықпал етеді, бұл олардың деңгейінің төмендеуіне және жұмыс істемейтін активтердің экономикалық айналымға көбірек тартылуына әкеледі деп күтілуде.

«Қаралып отырған заң жобасы нарықтық ортада стресті активтерді сату бойынша жағдайлар жасауға бағытталған. Сонымен қатар, заң жобасында заңнамалық база құрылып, ұқсас активтерді ашық сауда-саттық арқылы сатуға мәжбүрлейді, бір жағынан бұл банктердің мұндай активтерді өздерінде ұстай алатын уақытын шектейді, ал екінші жағынан мұндай активтерді сатып алуға рұқсат етілген тұлғалардың тізімі кеңейеді. Осылайша, заң жобасы стресстік активтердің өркениетті және дамыған нарығын құруға ықпал етіп, банк жүйесінің қаржылық көрсеткіштеріне және тұтастай экономикаға оң әсерін тигізеді», - деді өз сөзінде сенатор Бекболат Орынбеков.

Комитет мүшелерінің талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу