Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенатта ақпараттық технологиялар саласындағы және шекара маңындағы ынтымақтастықты жақсартуға қатысты халықаралық құжаттар қаралды

07.11.2019 28

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

 «Келісіммен ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың құқықтық негіздері жасалады, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің, терминологиялардың бірыңғай ұғымы қамтамасыз етіледі, сондай-ақ құзыретті мемлекеттік органдар мен олардың өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады», - деді сенатор Т.Мұсабаев өз баяндамасында.

Келісімді ратификациялау ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара   іс-қимылын жандандыруға, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі жүргізілетін бірлескен ведомствоаралық профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларының және арнаулы операциялардың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасы қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық заңнамасын жақындастыра отырып, осы саладағы қылмыстармен күрестің халықаралық шеңберін кеңейтеді және нығайтады.

Комитет қарастырған екінші құжат – Қазақстан мен Қырғыз Үкіметтері арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы.

Хаттамамен «Сарытөбе» және «Аухатты» автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін халықаралық екіжақтыдан халықаралық көпжақтыға ауыстыру, сондай-ақ қазақстандық «Нововоскресеновка» өткізу пунктінің атауын «Сыпатай батыр» деп өзгерту туралы өзгерістер енгізіледі.

Хаттаманы ратификациялау «Қарасу» және «Қордай» өткізу пункттерінің жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ шекара маңындағы ынтымақтастықты жақсартуға және Қырғызстанмен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға қолайлы жағдайлар жасайды.

Құжаттар Палата қарауына берілді.

Бөлісу