Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенаторлар волонтерлік туралы заң жобасын қарастырды

21.06.2022 87

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қарады.

Заң жобасының мақсаты волонтерлік қызмет, қайырымдылық, ҮЕҰ-ды мемлекеттік қаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, азаматтарды волонтерлік және қайырымдылыққа қатысуға ынталандыру, мемлекеттік гранттық саясатты жетілдіру және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жаңа тетігін енгізу болып табылады.

«Заң жобасын тұтастай қабылдау волонтерлік пен қайырымдылықты дамытуды ынталандыруға, мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ дәрілік және әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Жаңа құжатта 5 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Комитет мүшелерінің талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палата отырысының қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу