Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Сұлтанбек Мәкежанов пен Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда болды

02.08.2022 485

Депутаттар Сұлтанбек Мәкежанов пен Нұртөре Жүсіп Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Индустриялық аймақта және «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында болды.

Сенаторлар сапар барысында индустриялық және арнайы экономикалық аймақ аумақтарында қолданыстағы және іске асып жатқан жобалармен танысты, сондай-ақ «ИТП» АЭА дамыту мәселелерін талқылады.

Сенаторлар сонымен қатар Палата қызметінің қорытындылары туралы айтып, өткен сессия барысында қабылданған заңдардың негізгі нормаларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ, «Алматы Бизнес» қалалық бағдарламасы бойынша шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті.

Парламентшілер кездесу қорытындысы бойынша индустриялық аймақта жұмыс істейтін мамандардың ұсыныстары мен өтініштері тиісті уәкілетті органдардың назарына жеткізілетінін атап өтті.

Сұлтанбек Мәкежанов пен Нұртөре Жүсіп сонымен қатар Hyundai Trans Kazakhstan зауытында болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу