Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Евгений Больгерт пен Ләззат Рысбекова Парламентаралық Одақтың 146-шы Ассамблеясының жұмысына қатысты

15.03.2023 302

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Евгений Болгерт пен Ләззат Рысбекова Парламентаралық Одақтың 146-шы Ассамблеясының жұмысына қатысты.

Сенаторлар басқа елдердің парламентшілерімен бірге «Бейбіт қатар өмір сүруге және инклюзивті қоғамдарға жәрдемдесу: төзбеушілікке қарсы күрес» тақырыбы бойынша жалпы пікірталас өткізді. Евгений Больгерт өз сөзінде діни немесе этникалық, жынысы, әлеуметтік жағдайы өзге адамдарға төзбеушілік, кемсітушілік және зорлық-зомбылық мәселесі жылдар бойы әлемнің көптеген елдерінде өткір тұрғанын атап өтті.

 «Діни және мәдени алуандылық қоғамға айтарлықтай оң әсер етуі мүмкін, бірақ сонымен бірге үлкен қақтығыстардың себебі болуы да ықтимал. 100-ден астам этнос пен 18 конфессия өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келе жатқан Қазақстан Республикасы көпмәдениетті қоғам жағдайында толеранттылықты ілгерілетудің бірегей тәжірибесін қалыптастырды», - деді сенатор.

Депутаттар сонымен қатар, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа қатері мен ормандар көміртегінің теріс теңгеріміне қол жеткізудегі парламенттің күш-жігері туралы мәселелерді талқылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу