Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Жаңалықтар

Сенаторлар: Бюджеттік авибағдарлар барлық аймақтардың тұрғындарына қолжетімді болуы тиіс

28.11.2019 242

Парламент Сенатында Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Серік Жақсыбековтің төрағалық етуімен «Эйр Астана» акционерлік қоғамның өкілдерімен және авиакомпания президенті Питер Фостермен кездесу болды.

Шараға сенаторлар Дәурен Әділбеков, Әлімжан Құртаев, Еділ Мамытбеков, Ерік Сұлтанов, Серік Бектұрғанов, Сергей Плотников және Нариман Төреғалиев қатысты.

Сенатор С.Жақсыбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында сұранысы жоғары бағыттардағы авиабилет құнының жоғары екендігі айтылғанын еске салды. Сенатордың айтуынша, бұл мәселе әлі күнге дейін маңызды болып табылады және шешуді қажет етеді.

Кездесуде баға саясаты, тасымалдау қауіпсіздігі, көрсетілетін қызмет бағасының сапасына қатысы мәселелері көтерілді.

Сенаторлар авиабилет бағаларын төмендету, сондай-ақ тариф қалыптастыру туралы тұрғындарды хабардарлық деңгейін арттыру және еліміздегі барлық бағыттар бойынша бюджеттік авиабағдарларды ашу туралы пікірлерін ортаға салды.

Бөлісу