Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмыс кеңесі

19.09.2023 197

Сенатта Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның екінші отырысына дайындық жүріп жатыр.

Парламенттік комиссияның мүшелері мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірлесе отырып, Қазақстанда орнықты дамудың үшінші және төртінші мақсаттарын іске асырудың негізгі мәселелері бойынша талқылаулар өткізген болатын.

Парламенттік комиссия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың маусым айында құрылды. Құрамына Сенат пен Мәжілістен 9 депутат кіретін комиссияның жұмысына мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың, ғалымдар қауымдастығының және халықаралық даму институттарының өкілдері қатысатын болады.

Парламенттік комиссияның негізгі мақсаты – орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді тиімді іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу