Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

«Талдау мектебі» жобасының үшінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

25.11.2023 2023

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен мемлекеттік басқару, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардағы, БАҚ және азаматтық сектор қызметіндегі талдау тәсілдердің сапасын арттыруға бағытталған «Талдау мектебі» қоғамдық жобасы жалғасып келеді.

2023 жылғы 27 қарашадан 17 желтоқсанға дейін жобаның үшінші кезеңіне өтінімдер қабылданады.

Алдағы кезеңнің тақырыбы Қазақстанның орнықты дамуына арналып отыр.

Қатысушылар курс аясында деректерді жинау мен талдаудың қолданбалы әдістерін игереді. Оқудың қорытындысында қатысушылардың Қазақстанның орнықты даму мақсаттарындағы әртүрлі мәселелер бойынша талдамалық материалдарды дайындалады. Олар кейіннен Сенат жұмысында пайдаланылатын болады.

Мектептің дәріскерлері мен тәлімгерлері ретінде белгілі отандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері, сарапшылар мен талдаушылар шақырылады.

Сабақтар 2024 жылғы 13 қаңтардан 2 наурызға дейін (8 апта) сенбі күндері офлайн түрінде өтеді.

Мектепке мемлекеттік қызметкерлер, талдау жасайтын құрылымдардың, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қоғамдық сарапшылар, журналистер, зерттеушілер және т. б. қатыса алады.

Жұмыс тілі: қазақ, орыс.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Талдамалық құрылымдарда, мемлекеттік басқару жүйесінде, ұлттық компанияларда, ғылыми институттарда және БАҚ-та жұмыс істейтін болуы керек;

- Орнықты даму мақсаттарындағы: ОДМ 1, ОДМ 3, ОДМ 4, ОДМ 6 және ОДМ 8 аталған бағыттардың бірі бойынша құзыреттіліктің болуы.

Бағыттар халықтың әлеуметтік сауалнамасының нәтижесі негізінде таңдалып алынды, оның барысында еліміздің азаматтарына арналған ең басым бес бағыт айқындалды.

Мақсаттар туралы толығырақ келесі сілтемесі арқылы білуге болады:  https://stat.gov.kz/sustainable-development-goals/

- курс барысында Мектеп сабақтарына қатысу міндеттеледі.

Конкурстық іріктеу рәсімі

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін төмендегі құжаттарды: iskakova_zh@parlam.kz және mailybay@parlam.kz электрондық мекен-жайларына жіберу қажет.

1. Жұмыс тәжірибесі, кері байланыс түрі көрсетілген түйіндеме (бір беттен артық емес);

2. Жобаға қатысуға деген тілек-ниетін түсіндіретін 500 сөзден аспайтын ынталану хаты. Хатта ОДМ 1, ОДМ 3, ОДМ 4, ОДМ 6, ОДМ 8 командаларындағы кейінгі жұмысқа арналған Орнықты даму мақсаттары бағыттарының бірі бойынша құзыреттерді жеке тармақпен белгілеу қажет.

3. Ұсыныс хат (байланысу түрін көрсете отырып);

4. Бұрын жарияланған талдау материалдарға, сұхбаттарға, сөйлеген сөздерге сілтемелер (егер бар болса).

Өтініш қабылданатын ең соңғы мерзім: 2023 жылғы 17 желтоқсан 23:59 (GMT +6). Кеш жіберілген өтінімдер мен конкурстық эсселер қаралмайды.

Іріктелген кандидаттар 30 желтоқсаннан кешіктірілмей хабардар етіледі.

Толығырақ ақпарат алу үшін 8 (7172) 74-71-88 және 8 (7172) 74-72-40 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Ақпараттарды Парламент Сенатының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан, сондай-ақ Сенат жанындағы Талдау мектебі және Жас сарапшылар клубының Facebook парақшаларынан алуға болады.

***

Анықтама: ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Жас сарапшылар клубы 2021 жылы «Талдау мектебі» жобасы бойынша бастама жасады. Бастамаға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді. 2022-2023 жылдары мектептің екі кезеңі болды, онда 100-ден астам талдаушы оқып шықты.

Жобаның дәрістері төмендегі сілтемеде орналасқан: https://www.youtube.com/@SchoolofAnalytics/featured 

 

Бөлісу