Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ташкентте Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі Парламенттердің рөлін күшейту мәселесі талқыланды

30.11.2023 452

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы парламентаралық ынтымақтастықтың жаһандық II форумына қатысты.

Сенат Төрағасының орынбасары басқа елдердің әріптестерімен бірлесе отырып 2030 жылға дейінгі Жаһандық күн тәртібін тиімді іске асыруға жәрдемдесудегі Парламент пен парламентаралық ынтымақтастықтың рөлін, сондай-ақ парламенттік процестердегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат мен міндеттерге қол жеткізудегі Парламент пен азаматтық қоғамның әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Форумға саяси және қоғам қайраткерлері, орнықты даму саласындағы шет елдердің жетекші халықаралық сарапшылары, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен жастар Парламенттерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында мақсаттарға қол жеткізу Қазақстанға ұлттық басымдық екенін атап өткен болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың маусым айында орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат пен міндеттерді іске асыру жөніндегі мониторинг жүргізуге орай Парламенттік комиссия құрылды. Комиссия құрамында Парламенттің екі палатасының 18 депутаты бар. Комиссияны Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев басқарады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу