Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті

06.12.2023 412

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Халықаралық Түркі академиясының басшылығымен кездесті.

Сапар барысында сенаторлар Академияның мұражайы және кітапханасын аралады. Кездесуде түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері талқыланды. Комитет хатшысы Дархан Қыдырәлі академияның түркітілдес мемлекеттер интеграциясындағы жоғары рөлін атап өтті.

Өз кезегінде Академия өкілдері сенаторларға ұйымның қызметі мен жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу