Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті

08.12.2023 320

Сенаттағы «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының мүшелері отырыс өткізді. Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру жүйесінде «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» және «Әралуандық бірлігі» қағидаттарын оқу-тәрбие процесінде іске асыруды қамтамасыз ету оның басты тақырыбы болды.

Депутаттық топтың жетекшісі Нұртөре Жүсіп кездесу барысында жастардың рухани-адамгершілік даму деңгейін арттыруға жан-жақты тоқталды. Сенатор өскелең ұрпақты ел бірлігінің негізітолеранттылық және өзара түсіністік тұрғысында тәрбиелеудің маңызды екенін атап өтті.

«Толеранттылық пен достықты жастар арасында дамытуға ықпал ететін жобаларға бастамашы болуымыз керек деп санаймын. Сондықтан республиканың этникалық топтарының жастары арасында осындай идеологиялық құндылығы бар әдеби шығармалар конкурсын ұйымдастыру мәселесін қарауды ұсынамын. Біздің алуан қырлы, сан қилытарихымыз көптеген этностарды бір шаңырақ астында біріктірді. Осындай күрделіжағдайда көк тудың астында біріккен елімізтарихпен өткенді ерекше бағалауы тиіс», - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Шараға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауымның өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: А.Байжұманов)

Бөлісу