Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды

12.12.2019 648

Парламент Сенатының отырысында 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды.

2017 жылғы 9 қарашада Челябинск қаласында жасалған хаттама Ресей Федерациясы жалға алған жалпы алаңы 11,6 мың гектар жер учаскелерін Қазақстан Республикасына қайтаруды көздейді.

Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров атап өткендей, жалға беруден 4 жер учаскесі шығарылады.

«Қайтарылатын жер учаскелері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін, Алматы-Мәскеу теміржолын салу және «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының желілік бөлігі мен Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам ауылын дамыту үшін қайта бөлінеді», - деп атап өтті ол.

Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификацияланды.

Келісім Қазақстан мен Моңғолия арасындағы қылмыстық құқықтық қатынастардағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Шартқа сәйкес сотталған адамның жазбаша келісімімен әрі егер беру туралы сұрау салу алынған кезде сотталған адамға қатысты шығарылған үкім заңды күшіне енген болса және сотталған адамның өтеуіне жататын уақыт кезеңі кемінде бір жылды құраса, сотталған адам бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында одан әрі өтеу үшін берілуі мүмкін.

Сенатор А.Лукин осындай халықаралық құқықтық құралдардың болуы, әрине, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сотталған отандастарымыздың бұдан былайғы тағдырын жеңілдететінін, оларды өзге елдің түзеу мекемелерінде ұстау олардың туыстарымен және жақындарымен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіретінін, сондай-ақ тілдік тұрғыда  кедергілерге тап болатынын жеткізді.

Деректер бойынша Монғолияның бес азаматы Қазақстанда жазасын өтеп жатыр. Қазақстанның Моңғолияда жазасын өтеп жатқан азаматтары жоқ.

Қазақстан бүгінгі таңда 21 елмен осындай шарттар жасады, олардың ішінде Украина, Қытай, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және тағы басқа елдер бар.

Бөлісу