Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

23.09.2023 46

Депутаттар Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысын Маңғыстау облысында өткізді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кездесудің басты тақырыбы болды.

21.09.2023 128

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар қоғамдық бақылау мәселелеріне қатысты заңдарды қарап, мақұлдады.

20.09.2023 97

Сенат Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды талқылады.

19.09.2023 116

Сенатта Қазақстан Республикасының орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі Парламенттік комиссияның екінші отырысына дайындық жүріп жатыр.

18.09.2023 162

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 21 қыркүйек күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі.

18.09.2023 124

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Жас парламентшілердің парламентаралық жаһандық 9 конференциясына қатысты.

16.09.2023 117

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Батыс Қазақстан облысында «Өңірдегі табиғатты және жануарларды қорғау саласының жай-күйі және де ақбөкендердің оралдық популяциясының кейбір мәселелері» тақырыбы бойынша  көшпелі отырыс өткізді.

14.09.2023 174

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында депутаттар үш халықаралық келісімді ратификациялау туралы заңдарды қарап, мақұлдады. Сондай-ақ сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

13.09.2023 156

Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Жас сарапшылар клубының отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған еліміздің экономикалық дамуының жаңа парадигмасын және оны іске асыру тетіктерін талқылады.

13.09.2023 109

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары бүгінгі отырыста Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде қылмыстық-атқару заңнамасындағы талаптарды ұстау шарттары бойынша сақтау мәселелерін талқылады.

12.09.2023 131

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеуге қатысты заңдарды талқылады.

11.09.2023 133

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар Мемлекет басшысы Жолдауда белгілеп берген міндеттерді ескере отырып, Палата жұмысының жаңа сессиядағы басымдықтарын талқылады. Сондай-ақ іс-шара барысында 14 қыркүйек күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібі айқындалды.

08.09.2023 115

Сенатор Бибигүл Жексенбай БҰҰ-ның Қазақстандағы кеңсесі ұйымдастырған медибрифингке қатысты. Шара Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясының Жоғары деңгейдегі апталығында жоспарланған  Тұрақты даму мақсаттары Саммиті қарсаңында ұйымдастырылған.

08.09.2023 110

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев «Конституциялық әділдік: абырой, еркіндік және баршаға әділдік» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін елімізге келген шет мемлекеттердің Конституциялық Сот Төрағаларымен кездесті.

07.09.2023 140

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Албания Республикасының Президенті Байрам Бегаймен кездесті. Кездесу барысында өзара серіктестікті одан әрі нығайту және парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.