Сенатор Ақылбек Күрішбаев А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ұжымымен астық шаруашылығын дамытудың алдағы перспективаларын талқылады. Кездесу депутаттың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Шортанды ауылында өтті.
Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жазғы сессиясы өз жұмысын бастады. Оған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы қатысты.
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» тақырыбына арналған оқыту форсайт-сессиясына қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Андрей Лукин елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығы мен «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ұйым қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен кездесті.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілді мәселелерді зерделей келе, Ақмола облысының Степногорск қаласында орналасқан пестицидтер мен гербицидтер шығаратын ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы қорытынды отырысы өтті. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын қарап, қабылдады.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында депутаттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне Мәукен Еркешті сайлау туралы Президенттің ұсынысын қарады. Кеңейтілген отырыста депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы» заң жобаларын талқылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесті.
Парламент Сенаты Бюросының мүшелері Палата отырысының 2022 жылғы 28 маусымға жоспарланған күн тәртібін бекітті.
Сенатта журналистер арасындағы «Парасат» байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі отырыс өткізді. Онда ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі мен кооперациясын дамыту мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев, Нұрлан Бекенов, Әбдәлі Нұралиев және Бақтыбай Шелпеков Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Страсбургте өткен жазғы сессиясының жұмысына қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева «Орталық Азия мемлекеттеріндегі парламентші әйелдердің терроризмге қарсы іс-қимыл және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудағы рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі форумға қатысты.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенаторлар кеңесінің отырысы өтті. Онда Кеңес мүшелері «Конституциялық реформа – Жаңа Қазақстаннын негізі» тақырыбында ой өрбітті.