Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен Атырау облысына сапары аясында Индер және Махамбет аудандарының тұрғындарымен кездесті.
Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде қазақстандық дипломаттармен кездесіп, алдағы референдум мәселелерін талқылады.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Владимир Волков пен Андрей Лукин Ақмола облысының фермерлерімен кездесті.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыс өткізді. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қабылдап, халықтың табысын арттыруға арналған 2025 жылға дейінгі жоспар аясында атқарылатын жұмыс барысымен танысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Қазақстан мен Армения арасындағы мұнай өнімдері саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты заң жобасын талқылады.
Сенатор Нұрлан Бекназаров Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде болды және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті. Жүздесуде алдағы референдумдағы маңызды мәселелер мен азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайтудың мүмкіндіктері талқыланды.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы Қанатбек Сафинов М.Нәрікбаев атындағы КазГЗУ университетінің оқытушылары мен студенттеріне дәріс оқыды.
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті.
Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Сенаторлар кездесу барысында еліміздің әрбір азаматының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі қабылдаған заңдар туралы айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Шымкент қаласында болып, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серікбай Трұмов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, ел Конституциясына енгізілген өзгерістер бойынша негізгі жаңалықтарды талқылау мақсатында жиһаз шығаратын кәсіпорынның қызметкерлерімен кездесті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастамасын талқылау үшін Парламент Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде өткен «Конституциялық реформа және Жаңа Қазақстан» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Жиынның өзекті мәселесі ел Конституциясына енгізуге ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін талқылау болды.